• Басты
  • Жаңалықтар
  • Битум өндіру бойынша жаңа зауыт ҚР жол құрылысы нарығын өніммен қамтамасыз етеді – ККМ

Битум өндіру бойынша жаңа зауыт ҚР жол құрылысы нарығын өніммен қамтамасыз етеді – ККМ

18 Сәуір, 2014 12:30
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа «Газпромнефть – Битум Қазақстан» ЖШС жаңа зауытының ашылуы аясында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті және «Газпром нефть» ААҚ республиканың автожол саласына қажет жоғары сапалы жол битумын өндіруді және тұтынуды қамтамасыз ету тарауында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Бәрімізге белгілі болғандай, Елімізде Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысы, Орталықтан аймақтарға қарай бағытталған жолдар сияқты ірі жобалар іске асырылуда. Бұдан бөлек, жыл сайын республикамызда мыңдаған километр автожолдар салынып, жөнделіп жатады. Жалпы республикамызда битумды өндіру бойынша үш зауыт жұмыс жасауда, ал тағы біреуінің іске қосылуының тек жақсы жағын ғана көреміз. Осылайша, жылына 170 мың тонна қуаттығы бар зауыттың іске қосылуы материалды тасымалдауға қажет шығындар мен уақытты үнемдеуге, соңғы дүниежүзілік талаптарға сай битум өндірісін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл барлық жол құрылысы саласының  дамуына маңызды» деп атап өтті», - деп Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев.

Айта кетейік, «Газпромнефть – Битум Қазақстан» ЖШС бұл битум өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік беретін және келешекте республиканың автожолдары реконструкциясы мен құрылысына қатысатын жол-құрылыс компанияларын сапалы битуммен жабдықтайтын жаңа технологиялық кешен.

 

Барлық жаңалықтар