- Басты
- Жаңалықтар
- Мысыр министрі ҚР-ның дінаралық пікірталасқа қосқан үлесін жоғары бағалады
Мысыр министрі ҚР-ның дінаралық пікірталасқа қосқан үлесін жоғары бағалады
МАР Уақыфтар министрі М.Жұмамен кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың ү.ж. 18 қыркүйекте Астанада өткізілуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІІІ отырысына қатысты хатын табыс етті.
Министр М.Жұма аталған маңызды шараға өзі басшылық ететін мекеме өкілінің қатысатынын қуаттай отырып, Қазақстанның ғаламдық деңгейде дінаралық және өркениетаралық үнқатысуды жылжытудағы үлесін жоғары бағалады, деп ҚР Парламенті Сенатында хабарлады. Ол Мысырдың Орталық Азиядағы саяси және экономикалық тұрғыдағы жетекші мұсылман мемлекеті - Қазақстанмен бұл бағыттағы өзара іс-қимылға белсенділікпен атсалысуға дайындығын атап өтті.
Сонымен қатар, МАР Уақыфтар министрі М.Жұма Елші Б.Арын тапсырған ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы М.Әзілхановтың Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын ризашылықпен қабыл алды.
Екі ел арасындағы білім және дін саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында тараптар «Нұр-Мубарак» бірлескен қазақ-мысыр университеті қызметінің алдағы даму болашағы жөнінде пікір алмасты. Мысырлық министр «Нұр-Мубарак» университетін үздік бітірушілердің келешекте Әл-Азһар университетінің магистратурасына қосымша талаптарсыз қабылдануын, сондай-ақ Әл-Азһардың қазақстандық оқу орнының дипломдарын тануын қамтамасыз ету үшін аталмыш жоғарғы оқу орнындағы білім беру сапасын көтеру бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.
МАР Туризм министрі Х.Заазумен кездесу кезінде Елші оған Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің ү.ж. 21-23 мамырда Астанада өтетін VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысуға жолдаған шақыруын табыс етті.
Министр Х.Заазу Форумның жалпы қызметіне үлкен қызығушылық таныта отырып, аталмыш шараларға өзінің қатысу мүмкіндігін оң қарастыруға алдын ала уәде берді. Өз кезегінде Мысырдың қазақстандық туристерді тартуды қалайтындығын жеткізді және оны жүзеге асыру мақсатында МАР Үкіметінің биылғы жаз мезгілінде Алматы мен Шарм Аш-Шейх арасында тікелей әуежолы байланысын ашу бойынша тиісті шараларды қолға алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Денсаулық сақтау министрі: 6 облыс пен 2 қала «қызыл аймақта» -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар