• Басты
  • ҚР-да 2 жыл ішінде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 4 пайызға өсті – ДСМ

ҚР-да 2 жыл ішінде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 4 пайызға өсті – ДСМ

18 Сәуір, 2014 10:15
Мәжіліс депутаты Айткүл Самақованың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында Онкологиялық бағдарламаның іске асырылуының екі жылдық қорытындысы тыңдалды.

Тұрғындардың жаппай скринингтік тексеруден өтуіне байланысты онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны өсіп, обырдан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 101,6-дан 2013 жылы 99,6-ға төмендеген.

Ауруды ерте анықтау 2011 жылғы 49,5%-дан 2013 жылы 53,6%-ға дейін артты, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Бұл шаралар лейкозға шалдыққан балалардың ремиссия деңгейін 75%-ға, жалпы республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сүруін  5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік берді.

Депутаттар медицина қызметкерлері тарапынан атқарылып жатқан үлкен жұмысты атап өтіп, онкологиялық бағдарламаны ары қарай іске асыру бойынша өз ұсыныстарын берді.

 

 

Барлық жаңалықтар