- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада күн энергетикасы саласында жаңа жоба жүзеге асады
Астанада күн энергетикасы саласында жаңа жоба жүзеге асады

Күн энергетикасы саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумға Мұнай және газ министрлігі, Тоталь франциялық мұнай-газ компаниясы және Сан Пауэр компаниясы өкілдері қол қойды, деп ведомствода хабарлады.
Аталмыш жобаны іске асыруды 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 26 толық мәжілісінде Тоталь компаниясының атқарушы кеңесінің мүшесі Ив-Луи Даррикаррер мырза ұсынған болатын.
Бұл құжат Астанада күн энергетикасы саласындағы ең жаңа технологиялар базасында Ц7 бірегей қанатқақты жобасын іске асыруға жол ашпақ.
Сан Пауэр компаниясының ең жаңа Ц7 әзірлемесі базасында жасалынған жобаның техникалық көрсеткіштері бойынша әзірге теңдесі жоқ. Ал пайдалы әсер коэффициенті бойынша әлемдегі қазіргі таңдағы барлық басқа технологиялардан көш ілгері келеді.
Бұл ретте күн энергиясын әзірлеуде Қазақстанның әлеуеті айтарлық жоғары екені айтылғанды (жекелеген өңірлерде күншуақты күндер жылына 300-ден астам).
Бұдан басқа, Қазақстандағы ұзақмерзімді стратегиялық инвестор әрі әріптес болып табылатын Тоталь компаниясы жергілікті қамтуды дамытуға, бірлескен ғылыми және технологиялық зерттеулерді іске асыруға, «жасыл» энергетиканы дамытуға, жоғары білікті қазақстандық ғылыми кадрларды даярлауға және Назарбаев Университеті базасында ғылыми-зерттеу кластерін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары

