• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Санкт – Петерборда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Санкт – Петерборда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

17 Сәуір, 2014 18:05
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Санкт – Петерборда ТМД ПАА шаралары аясында Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келген және ресейлік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтатын болсақ, РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен және РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесіп,  қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынас жайын сөз етті. 

Тараптар бүгінде екі ел басшыларының келісімдеріне сәйкес даму жолына түскен қос мемлекет қатынасының стратегиялық маңыздылығын айта келіп, Қазақстан мен Ресей парламенттері арасындағы  ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзектілігі мен қажеттілігіне тоқталды.    

Осы жолда ынтымақтастық жөніндегі топтар мен комитеттер арасында тұрақты байланыс орнатудың, делегациялар алмасудың ықпалы зор болмақ. 

Ал, Қабиболла Жақыповтың Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесуінде аталған елдер парламенттері арасындағы ықпалдастықтың алдағы басым бағыттарына назар аударылды. 

Соның ішінде, үстіміздегі жылдың маусым айында Бішкекте өтеді деп жоспарланған Қазақстан Парламенті мен Қырғызстан Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның 4-отырысына, сондай-ақ, алдағы уақытта Бакуде өтетін Түркітілдес елдер парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) жиынына қатысты әңгіме өрбіді.  

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Тәжікстан Оли Мәжілісінің төрағасы  Шукурджон Зухуров өзара жүздесу  барысында арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

 

Барлық жаңалықтар