• Басты
  • Қазақстанның әрбір этномәдени бірлестігі ҚХАның 20 жылдығына арналған шаралар жоспарын дайындауы керек – Мемлекеттік хатшы

Қазақстанның әрбір этномәдени бірлестігі ҚХАның 20 жылдығына арналған шаралар жоспарын дайындауы керек – Мемлекеттік хатшы

17 Сәуір, 2014 17:00
Қазақстанның әрбір этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шараларының жоспарын дайындауы керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы қарсаңында Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді.

«Ертең Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан-2050: Әлем мәдениеті, руханияты мен келісімі» Стратегиясы» сессиясын өткізеді. Аталмыш сессияның тапсырылуы Ассамблеяның биылғы жылғы жұмыс жоспарына негізделген. Бұл Ассамблеяның 20 жылдығы. Мен барлық ҚХА мүшелері осыны орындау үшін белсенді түрде атсалысады. Менің ойымша, кез келген этномәдени бірлестік Ассамблеяның 20 жылдығына арналған шаралар жоспарын дайындауы керек. Бірінші кезекте бұның өңірлік деңгейде қолға алынғаны жөн. Өңір әкімдерінен аталмыш шараны іске асыруға жағдай жасауын сұраймын», - дейді мемхатшы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы тұжырымдамасы мен 2015-2017 жылдарға арналған Ұлттық бірлік доктринасын іске асыру шараларының біріңғай жоспары дайындалуда.

Бұл мәселе біздің қызметіміздің стратегиялық жоспары. Біздің жұмысымыздың сапасынан Қазақстандағы бейбітшілік, ұлтаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісім салтанат құрады», - дейді Ә.Жақсыбеков.

ҚР Мемлекттік хатшысының айтуынша, Қазақстанның стратегиялвқ мақсатына жетудің басты шарты қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік болып табылады.

«Бұл әдіс бірнеше мәрте қолданылды. Бұл Ассамблеяның басты міндеттемесі. Қазіргі таңда Ассамблеяның жұмысы күн санап артып, кеңейіп келеді», - дейді Мемлекеттік хатшы. 

Барлық жаңалықтар