• Басты
  • Ә.Жақсыбеков 2015 жылдың соңына дейін еліміздің аймақтарындағы Достық үйлерінің құрылысын аяқтауды тапсырды

Ә.Жақсыбеков 2015 жылдың соңына дейін еліміздің аймақтарындағы Достық үйлерінің құрылысын аяқтауды тапсырды

17 Сәуір, 2014 16:11
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының қарсаңында Астана қаласы мен Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдеріне өңірдегі Достық үйлерінің құрылысын 2015 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

«Сессия - ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауынан кейінгі бірінші  жалпыұлттық-саяси шара. Осымен оның жоғары саяси маңызы анықталады. Алдағы 15-17 жыл «мүмкіндіктер терезесі», Қазақстанның масштабты ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай. Аталмыш болжамды есепке ала отырып Қазақстанның стратегиялық мақсатына жету жолында келісім мен ұлттық бірлікті нығайту басты міндет болып табылады. Және ол Ассамблея жұмысының негізгі міндеті», - деді Ә. Жақсыбеков.

ҚР Мемлекеттік хатшысы атап өткендей, Ассамблеяның соңғы XX сессиясын өткізгеннен соң мемлекеттің этносаясатын дамытуда оң өзгерістер көп.

«Біріншіден, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ассамблеяның стратегиялық құжаты қабылданды, яғни Ассамблеяның 2020 жылға дейін даму тұжырымдамасы. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саясаттың басты бағыты ретінде көрсетілген. Оның негізінде Ассамблея мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын біріктіріп, қоғамдық өмірдің жаңа салаларын, тіпті азаматтарды әлеуметтік қорғау мен этносаралық өзара әрекет бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын да қамтуда », - деді Ә. Жақсыбеков.

Екіншіден, «XX сессия Ассамблея алдында жаңа міндеттерді қойды», деп ол толықтырды. Міндеттерді сәтті жүзеге асыру ең алдымен Ассамблеяның аймақтық деңгейде институционалды нағюына септігін тигізуі керек, деп есептейді ҚР Мемхатшысы.

«Мен Астана қаласы және Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдеріне арнайы Достық үйлерінің құрылысын 2015 жылдың соңына дейін аяқтау қажет екеніне көңіл бөлулерін сұраймын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жағдайды зерттеп, сәуір айының соңына дейін әкімдерге құрылыс барысы туралы маған ақпарат берулерін тапсырамын. Бұдан басқа, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерінен аймақтық Ассамблеяларды кадрлық ресурс және өзгеде жұмыс органдарын күшейту бойынша шұғыл шара қабылдауды сұраймын», - деп Ә.Жақсыбеков тапсырды.

Барлық жаңалықтар