• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазРосПромАрматура» бірлескен кәсіпорны жылына 70 мың кран шығарады - З.Новолодская

«ҚазРосПромАрматура» бірлескен кәсіпорны жылына 70 мың кран шығарады - З.Новолодская

17 Сәуір, 2014 15:10
Бүгін ОКҚ өткен брифингте Өскеменнің «ҚазРосПромАрматура» зауытының директоры Зоя Новолодская кәсіпорын жылына 70 мың кранды өндіріп, саудаға шығарады, деп мәлім етті.

«Біз дәл қазір тек Қазақстанның ішінде ғана жұмыс істеп жатырмыз. Яғни біздің өнімімізді тек Қазақстанда және Ресейде саудалаймыз.  Шүмектерді бізден ресейлік зауыт сатып алады. Өткен жылы оларда тауар тапшылығы болған кезде кәсіпорын 50 млн. теңгенің тауарын сатып алды», - деп З. Новолодская атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда зауыт жылына 70 мың шүлмекті өндіріп, саудаға шығарады.

«Демек бізде тауарға деген сұраныс көп. Оның үстіне өнімнің  сапасы жоғары және бағасы да тым қымбат емес», - деп зауыт директоры ағынан жарылды.

Сонымен қатар, З. Новолодская Еуразиялық экономикалық одақтың маңызын тілге тиек етті.

«Біз үшін Еуразиялық экономикалық одақ барлық кедендік шарттардың алып тасталуымен тиімді. Екіншіден біз Қазақстанға біздің сала бойынша көптеген импорт тауарын алып келдік. Біз ресейлік технологияны, яғни олар бізге оны толығымен берді, құрылтайшылықтың 50% алдық. Сондықтанда бүгінде біз отандық тауарды өндіріп, өзіміздің нарығымызда сата аламыз»,- деді зауыт директоры.

Ол атап өткендей, бүгінгі таңда зауыт Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерімен келіссөз жүргізуді бастады.

Айта кетерлік жайт, 2011 жылдың сәуірінде қазақстандық және ресейлік тараптың жалпы  құрылтайшылар кеңесінде  «LD» сауда маркалы ілмекті-реттеуші арматураның өндірісімен айналысатын «ҚазРосПромАрматура» Өскемендік зауыт» ЖШС құру туралы шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар