- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы ҚР-да қазақстандық-ресейлік жоба бойынша 60 мың автокөлік шығарылады – К. Аксенов
2017 жылы ҚР-да қазақстандық-ресейлік жоба бойынша 60 мың автокөлік шығарылады – К. Аксенов
«2012 жылы Қазақстан мен Ресейдің IX өңіраралық ынтымақтастық форумында «Азия Авто» АҚ мен «АВТОВАЗ» ААҚ жылына 120 мың автокөлік құрастыратын толық циклды автозауыт құру туралы келісімге отырған болатын. Жобаның бірінші кезегі 2017 жылға дейін жүзеге асырылады және жылына 60 мыңға дейін көлік құрастырылатын болады», - деді К. Аксенов.
Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 1,8 млрд. долларға ұлғайтуға және 12 мың қазақстандықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал екінші кезеңде зауыттың жобалық жылдық қуат 120 мың көлікке жеткізіледі.
К.Аксеновтың айтуынша, мемлекетаралық келісімнің аясында зауыт өнімінің 50% Ресейдің Сібір және Қиыр Шығыс федеральдық округтерінде сатылатын болады. Және Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріне де шығарылады.
«Жобаның құны - 500 млн. доллар. Бүгінгі таңда 20 млн. доллар игеріліп отыр. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды, жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде және құрылыс жұмысы басталып кетті», деп түйіндеді өз сөзін К.Аксенов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді