- Басты
- Жаңалықтар
- «Е-қызмет» жүйесі шетелдік баламаларынан 15 есеге дейін арзан болады - Ә.Бәйменов
«Е-қызмет» жүйесі шетелдік баламаларынан 15 есеге дейін арзан болады - Ә.Бәйменов
«Қазақстан адами ресурстарды басқару бойынша халықаралық тәжірибелерді жіті зерттеп келеді. Біз Кореяның, Австрияның, Ұлыбританияның, Голландияның тәжірибесімен танысып оны кезең-кезеңімен өзімізде енгізудеміз. Біз үшін басты міндет - мемлекеттік қызметкерлер ресурстарын басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалануды енгізу. Бұл салада Нидерланды көш бастап тұр. Біздің мамандарымыз Нидерландыға барып, олардың мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасты. Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесімен салыстыратын болсақ біздің «е-қызмет» жүйеміз 13 -14 есе арзан болады. Алғашқы мәліметтер бойынша жобаны жүзеге асыруда 3-4 жыл ішінде шығын 10 млн. долларды құрайды», - деді Ә.Бәйменов.
Сонымен қатар ол, «Қазақстанда «е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс 3 жыл бұрын басталып, бүгінде аяқталуға таяп қалды», деп ағынан жарылды.
Сонымен, аталмыш жүйені 2015 жылдан бастап пилоттық режимде енгізу көзделуде. Осы ретте агенттік басшысы атап өткендей, Нидерландыда персоналды басқару орталық аппаратта жүргізілсе, бізде ол Президент әкімшілігінен бастап ауыл әкімдіктеріне дейін қамтитын болады.
««Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметіне халықаралық тәжірибеге сәйкес кадр қызметінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұжымды басқаруда уақыт шығынын азайтады. Біздің міндетіміз аудандық деңгейден бастап «е-қызметті» енгізгенге дейін ұжымды басқару қызметтерін тиімді жұмыс істеуге және артылған уақытты мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау мен мамандарды қабылдауға және оларды көтеру мәселеріне көбірек араласуға дайындау», - деп Агенттік басшысы ағынан жарылды.
Өз кезегінде P-Direct мемлекеттік компаниясы президенті Сильвия Бронманс, қазақстандық жоба жетекшілеріне кезінде жобаны жүзеге асыруда кеткен қателіктердің барлығын зерттеп шыққаны жөн. Себебі, бір қарағанда оңай болып көрінгенімен бұл оңай шаруа емес, деп атап өтті.
Жобаны іске асыруға Нидерландыда 100 млн. еуро бөлінді.
Сонымен қатар ол, олардың мемлекеттік қызметінде әр мемқызметкерге арналған персоналды электронды файл, деп мәлім етті. Онда маманның білімі, тәжірибесі, қызметте көтерілуі және басқа да мәліметтер болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан