• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бюджет тапшылығын төмендетуді және ҚР Ұлттық қорының қаражаттарын пайдалануды шектеуді ЭБЖМ енгізеді

Бюджет тапшылығын төмендетуді және ҚР Ұлттық қорының қаражаттарын пайдалануды шектеуді ЭБЖМ енгізеді

17 Сәуір, 2014 11:45
Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында елімізде бірқатар фискалдық шектеулер, оның ішінде бюджет тапшылығын азайту және Ұлттық қор қаражатын пайдалануды шектеу енгізіледі, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (ЭБЖМ) басшысы Ерболат Досаев ҚР Парламенті Сенатындағы үкімет сағатында.

«Мемлекеттік бюджет тапшылығын 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнімге қатысты 1,4%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр, бұл мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде, 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнімге қатысты 13,9%-дан аспайтын деңгейде ұстауға мүмкіндік береді», - деді Е. Досаев.

Сонымен бірге, ол бірқатар фискалды шектеулер екі кезеңде жүргізілетін Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасы аясында қаржы тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізілетінін атап өтті. Бірінші кезеңде - 2014-2017 жылдар - мемлекеттік қаржы теңгерімділігі мен бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ету негіздері қалыптастырылады, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Екінші кезеңде - 2018-2020 жылдар - мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайтуды болжайды, бұл жеке сектордың ынтымақты жауапкершілігін кеңейтумен, бюджеттік міндеттемелерді тұрақтандырумен, жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуімен сүйемелденетін болады.

Бюджет тапшылығын және мемлекеттік қарызды төмендетуден бөлек ҚР Ұлттық қорының қаражаттарын пайдалануға шектеу енгізілуде. 

«Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және оның жинақтаушы функциясын күшейту үшін қордағы қаражаттың төмендемейтін қалдығы ЖІӨ-ге қатысты 20%-дан 30%-ға дейін ұлғайтылды», - деп түсіндірді министр. 

Оның айтуынша, тапшылықты азайту, мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі түрде пайдалану мұнай емес тапшылықты 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге 2,8 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік борыш пен жалпы квазимемлекеттік сектор борышының деңгейі 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 22%-дан аспайтын болуы тиіс», - деп толықтырды Е.Досаев. 

Бұл шаралар мемлекеттік сектордың борышын жинақтаумен салыстырғанда Ұлттық қорда қаражаттың бұрын жинақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

Барлық жаңалықтар