- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия деканымен кездесті
ҚР Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия деканымен кездесті
Сұхбат барысында Мартин Кройтнер Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым рентінде құру туралы келісімге Қазақстанның қосылуын қошаметтеп, ҚР-ның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелері мен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қағидаларын іске асыруға шынайы берілгендігін жоғары бағалайтынын атап өтті, деп ҚР СІМ-де хабарлады.
Өз кезегінде Қ.Сарыбай Қазақстан Академияның белсенділігін оң бағалайтынын хабарлап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласында ұлттық әлеуетті нығайту мәселелері бойынша ҚР-ның Академиямен ынтымақтасуға қызығушылығын білдірді. Отандық дипломат Қазақстан мен Академия арасындағы әрекеттесудің нақты бағыттары келер жылдарда анықталатынын хабарлап, сондай-ақ, Академия деканын 2014 жылғы 1-3 қазанда Қазақстанда өтетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар халықаралық ассоциациясының 8-ші жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырды.
Тараптар ұлттық және халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу ісінде жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіріп, Қазақстан кадрларын Академияда оқыту бойынша әрекеттесуді жалғастыруға келісті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (Академия) БҰҰ Есірткі мен қылмыс басқармасы, Алаяқтықпен күресу жөніндегі еуропалық бюро мен Аустрия үкіметі бастамасымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым рентінде құру туралы келісім негізінде 2010 жылы құрылған болатын. Академия бас пәтері Австриядағы Лаксенбург қаласында орналасқан.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші