- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Ұлт бірлігі — ұлы байлық» фестивалі өтті
Ақтөбеде «Ұлт бірлігі — ұлы байлық» фестивалі өтті
17 Сәуір, 2014 18:15
Достық үйінде «Ұлт бірлігі — ұлы байлық» фестивалі өтті. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Достық үйі ұйымдастырды.
Мақсат, облыста тұратын этностардың тілі мен салт-дәстүрін насихаттап, халықтар арасындағы достықты нығайту, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған шараға аймақтағы этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Аудандардан келген өнерпаздар да ерекше ықыласпен дайындалыпты.
«Ақтөбе облысында 86 этнос өмір сүруде, аймақтың 20 пайызы – жергілікті ұлт болса, олардың барлығы айрандай ұйып отыр. Біздің мақсатымыз бір, ол гүлденген мемлекет», - деді Облыстық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Қыдырғали Ермұхан.
Айта кетерлігі, 2014 жылы Ақтөбе облысының Достық үйі өзінің бес жылдығын атап өтуде.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті