- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «жасыл» экономикаға өту үшін заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылауда
Астанада «жасыл» экономикаға өту үшін заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылауда
Дөңгелек үстел барысында жаңартылмалы қуат көздері, атмосфераға көмірқышқыл газы қалдықтарын тастау мәселесі қаралады.
«Бұның барлығы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге дайындық мақсатында жасалуда. Қазірдің өзінде Өскеменде күн батареяларын дайындау зауыты салынып, Шымкентте жарықдиодты лампалар шығарыла бастады. Бұл барынша тиімді және қауіпсіз. Біз елдегі экологиялық қауіпті барынша азайту жолында жұмыс істеп жатырмыз. Мен таяуда ғана Көкшетаудағы энерготиімділік тақырыбындағы конференцияда болдым. Сол кезде көптеген мектептерде жарықдиодты лампалар мен күн батареяларының қолданылатынына көзім жетті. Бұның барлығы «жасыл» экономикаға өту жолындағы атқарылып жатқан шаралар», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев.
Оның айтуынша, заңнаманы жетілдіру аясында ұйымдар мен зауыттарды «жасыл» технологияға өтуге ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.
«Менің ойымша, бүгінде әрбір өңір, әрбір қала «жасыл» трехнологияға өтуі керек. Кез келген ұйымның аталмыш технологияға өтуі үшін субсидиялау көздері де қарастырылуы керек», - дейді депутат.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады