• Басты
  • ҚР-да МБЖЖ салымшылар үшін максималды пайыздық үстемақы көтерілді

ҚР-да МБЖЖ салымшылар үшін максималды пайыздық үстемақы көтерілді

17 Сәуір, 2014 12:30
Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесіне қатысушы Қазақстан халық банкі бірім беру салымдары бойынша жылдық максималды пайыздық үстемақыны 9 %-ға дейін көтерді. Енді мемлекеттік сыйақыны ескеретін болсақ аталмыш салымдардың табысы 16,5 %-ға дейін артады.

Бұл қазақстандық білімді дамыту  саласындағы мемлекеттік жеке серіктестікті дамыту бойынша жаңа қадам, деп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. Ұзақмерзімді салымдар жүйесі  - мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі ҚР-да алғаш рет өткен жылы енгізілді. МБЖЖ әр қазақстандыққа техникалық немесе кәсіби, жоғары және жоғарғы оқу орынан кейін Қазақстанда және шетелде білім алу үшін  ұзақмерзімді қаражат  жинақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Халық банкі халыққа арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің негізгі серіктестерінің бірі ретінде дәстүрлі түрде өкілдік етеді. 2006 жылдан бастап банк елде білім беруді дамыту бойынша қолдау шеңберінде  «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен білім алу мақсаттарына несие беру бағдарламасына сәтті қатысып келеді.   

2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Халық банкі мен ҚР БҒМ Қаржы орталығының арасында МБЖЖ саласында ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойылды. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында банктің барлық филиалдарында білім беру жинақтау салымдарын қабылдау басталды.

МБЖЖ-ның жаңадан қосылған серіктес банкі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жолында жүктелген әлеуметтік жауапкершілікті мойына ала отырып,  бірінші болып білім беру жинақтау салымы бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін жылдық 9 %-ға дейін көтеріп отыр. Бұдан былай банктің сыйақысынан басқа 5 %-дан        7 %-ға дейінгі мемлекет сыйақысын қоса есептегенде білім беру жинақтау салымдарының табыстылығы 16,5 %-ға дейін көбейеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы қаңтарда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Өткен жылдың маусым айында аталмыш жүйе екінші деңгейлі банктер арқылы іске қосылып, мемлекеттік білім гранттарымен және білім беру кредиттерімен қатар жұмыс істейді.  Келешекте білім алу үшін қаражат жинақтау баласы білім грантына ие бола алмаған немесе тегін оқуға түсе алмаған жағдайда ата-анаға оны қолдап, алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді.  

Бағдарламаның үйлестірушісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының мәліметіне сәйкес білім беру жинақтау салымының артықшылықтары аз емес, олар: салымдардың ұзақ мерзімділігі, сыйақы мөлшерлемесінің тиянақталуы, салым шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда банк сыйақысының сақталуы және т.б. Әйтсе де, жаңа білім беру депозитінің басты артықшылығы мемлекеттің қолдауы мен кепілдігі болып табылады.  

Барлық жаңалықтар