- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Ұлттық банк Үкімет пен «Бәйтерек» қорының желісі бойынша ШОБ жобаларын қолдауға 250 млрд теңгені бөледі - Қ.Келімбетов
2014 жылы Ұлттық банк Үкімет пен «Бәйтерек» қорының желісі бойынша ШОБ жобаларын қолдауға 250 млрд теңгені бөледі - Қ.Келімбетов
«Қаржы секторына теңгелей өтімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Елбасының шешімі бар. Ол Ұлттық қордан 2014-2015 жылдар аралығында 1 трлн. теңгеге жуық қаржы бөлумен байланысты. Атап айтатын болсақ, 500 млрд теңге ағымдағы жылы бөлінеді, оның 250 млрд. «нашар» несиелер мәселесін шешуге, Үкімет пен «Бәйтерек» қорының желісі бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға 250 млрд. бағытталады», - деп Қ. Келімбетов ағынан жарылды.
Жалпы, оның айтуынша орташажедел несиелер 3, 5, 7, 10 жылға беріледі, сонымен қатар қайтарылады деген шартпен бұл қаржы қайта пайдаланылатын болады.
«Президенттің Үкімет пен Ұлттық банктың алдында қойған міндеті бірінші кезекте бұл қаржының шағын және орта бизнеске, нақты жобаларды несиелеуге, импортты алмастыру мәселелеріне және мықты тамақ өндірісін дамытуға бағытталуы керек», - деп ол толықтырды.
«2012 жылдың 1 қаңтарымен 2013 жылдың 1 қазанына дейін кепілсіз тұтынушылық несиелер қоржынын қамтамасыз ету 100%-ға артты. Қазіргі таңда несиелік қоржын 15% құрап отыр - бұл соншалықты үлкен сан емес. Алайда, соңғы жылдары банк өсімінің қарқыны бізді қарыз алушылардың сапасы жағынан алаңдатып отыр. Сондықтанда біз 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап несиелік қоржынды арттыру екпінін шектеу бойынша шараларды қабылдадық», - деп Қ. Келімбетов түсіндіріп өтті.
Ұлттық банктың басшысы атап өткендей, банктер алдында «жалпылай несиенің қайтарымсыз болмауы үшін қарыз алушының сапасын анықтау керек» деген сұрақ тұр.
Жалпы, оның мәліметі бойынша бүгінде 3 млн. азамат тұтынушылық несие бойынша қызмет алады және 11 банк барлық бағдарламалар аясында қызмет көрсетеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар