• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәжікстанда Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Тәжікстанда Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы талқыланды

16 Сәуір, 2014 18:00
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі ағымдағы жылы 21-23 мамырдағы «Бреттон-Вуд келісімінің 70 жылдығы: жаһандық қаржылық жүйе сенімін қалпына келтіру, соңғы екі онжылдықтағы қаржылық дағдарыстардың айналмалылығын еңсеру» атты ІІ Астаналық Әлемдік дағдарысқа қарсы конференцияда қабылдануы жоспарланған «Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының» жобасына арналған дөгелек үстел өткізді.

Қазақстан Елшісі Ағыбай Смағұлов өз сөзінде Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі бағыттары, 2012 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global интер-активті алаң жөнінде толық айтып өтті, деп ҚР СІМ-де хабарлады.

Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы ассоциациясының мүшесі, академик Нуриддин Каюмов Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың демократиялық қағидаттарға негізделіп, қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығу бойынша тиімді шараларды әзірлеуге, сондай-ақ болашақ рецессиялардың алдын алуға, теңгерімді ұзақ мерзімдік экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, тиімді әрі жаһандық-үйлестірушілік саясат пен жаңа әлемдік қаржылық архитектураны құруға бағытталғанын ерекше атап көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау барысында әлемдік қаржылық-экономикалық жүйенің жаңа архитектурасын қалыптастыруды, жергілікті және жаһандық деңгейлердегі дағдарыстың ертерек алдын алу тетігін құруды мақұлдады. Сондай-ақ тәжік ғалымдары мен мамандары Әлемдік дағдарысқа қарсы Тұжырымдама жобасын әзірлеуге қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар