- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін «жұмыс істемейтін» несиелер көлемі 10%-ға дейін төмендейді - Ұлттық банк
Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін «жұмыс істемейтін» несиелер көлемі 10%-ға дейін төмендейді - Ұлттық банк
«Біздің Үкіметпен бірлесіп қабылдаймыз деп жоспарлап отырғын маңызды құжатымыз Қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамысы болып табылады. Өздеріңізге белгілі болғандай, Ұлттық банк негізгі жасақтаушы орган. Қазіргі таңда біз Қаржыгерлер қауымдастығымен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Аталмыш құжатты ашық және жан-жақты талқылаймыз деп жоспарлаудамыз», - деді Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, құжаттың негізіне 2008-2010 жылдар аралығында болған қаржы дағдарысының салдарын жою алынған.
«Сол жылдары біз жаһандық қаржы дағдарысының салдарын сезіндік. Ол өз кезегінде жұмыс істемейтін несиелер қоржынын жасақтады. Бүгінде Қазақстанда мұндай несиелер көлемі бүкіл несиелер қоржынының 33% асып жығылады. Ол шын мәнінде өте жоғары сан», - деп Ұлттық банк төрағасы түсіндірді.
Қайрат Келімбетов атап өткендей, қазіргі таңда Елбасының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп нақты шаралар қабылдануда. Атап айтатын болсақ, өткен жылы Салық кодексіне алғашқы түзетулер енгізілді, ал бүгінде Салық кодексіне өзгертулер енгізу бойынша жұмыстар аяқталуда. Ол өз кезегінде банктерді нашар несиелерді шығынға жазған жағдайда салықтан босатады.
«Жалпы, Мемлекет басшысы бізге жұмыс істемейтін несиелер бойынша жағдайды жіті қадағалауды тапсырған. Өздеріңізге белгілі болғандай, Проблемалы несиелер қоры жасақталған болатын. Ол үшін Елбасының шешімі бойынша 250 млрд. теңге құю көзделген. Алайда, бұл жұмыстарға банктер өздерінің үй тапсырмасын орындаған соң ғана кірісеміз, яғни жұмыс істемейтін несиелерді шығынға жазғанда ғана», - деп Қ. Келімбетов түсіндірді.
Оның айтуынша, заңнамада болған сұрақтарды Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп ең жақын арада күн тәртібінен алып тастайды.
«Біз өз алдымызға 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істемейтін несиелер көлемін 10%-дан асырмау міндетін қойып отырмыз», - деп Ұлттық банк басшысы мәлім етті.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті