• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Жұмаділдаев: Консультативтік кеңестің қызметі салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін

Ә. Жұмаділдаев: Консультативтік кеңестің қызметі салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін

16 Сәуір, 2014 13:15
Консультативті кеңестің қызметі салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін.Бүгін бұл туралы ОКҚ-нің Астанадағы брифингі барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев баяндады.

«Консультативті кеңестің  қызметі салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін..Салықтық саясат және әкімшілік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлауминистрліктерінің, салық органдарының қызметкерлері кіреді», - деді Ә. Жұмаділдаев.

Оның айтуынша, Консультативтік комитеттің жұмысы салық төлеушілердің жұмысын, салықтық әкімшілікті оңайлатуға, өзара сауда барысында пайда болатын өзекті мәселелерді шешуге бағыттылған.

«Осылайша, ҚР бизнес-қауымдастығы тауарларды импорттауды растау құжаттарын қағаз түрінде емес, электрондық түрде беру арқылы оңайлату тетігін ұсынды. Аталаған мәселе Консультативтік комитеттің қарауына беріліп, өзара сауда барысында жанама салықтар алуды реттейтін халықаралық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың жобасы әзірленді», - деді ол.

«Қазіргі кезде аталған Хаттамалардың жобалары бойынша Тараптар мемлекетішілік процедуралар жүргізуде», - деді ол.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар