- Басты
- Жаңалықтар
- Су ресурстарының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жылына 9,5 км3 судың үнемделуіне мүмкіндік береді – ҚОСРМ
Су ресурстарының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жылына 9,5 км3 судың үнемделуіне мүмкіндік береді – ҚОСРМ
Ішкі су ресурстарын реттеу су инфрақұрылымын жетілдіру және қалпына келтіру бойынша мемлекетіміз үшін маңызы зор жобаларды іске асыру жолымен жүргізіледі, деп ведомствода хабарлады.
Сонымен қатар, бағдарламада су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, тарифтік саясат пен саланы реттеу бойынша кешенді іс-шаралар қарастырылған.
Мемлекеттік бағдарлама ұсынған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде елімізде жылына 9,5 км3 су үнемделуін күтуге болады. Олардың алғашқы 2,6 км3 (немесе 2040 жылға болжамдалған су тапшылығының 21%) су тарифтерін өсірмей, өзін өзі өтейтін шараларды жүргізу арқылы үнемделмек.
Тиісінше, өзін өзі өтейтін шаралар су тарифтерін өсірумен қатар жүргізілген жағдайда, үнемделген су мөлшерінің де ұлғаюына себеп болады.
Қарастырылған шаралардың іске асырылуы нәтижесінде 2020 жылға қарай Жалпы ішкі өнімнің бірлігіне жұмсалған су 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 33 пайызға азаяды. Бұл қабылданған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторларының бірі.
2014 - 2040 жылдар аралығындағы қаржыландырудың бағаланған есептік мөлшері 8,2 трлн. теңгені құрайды. Оның 5,4 трлн. теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінсе, қалған 2,8 трлн.теңге бюджеттен тыс көздерден тартылмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады