- Басты
- Жаңалықтар
- Атыраулық фермерлер елде құрастырылған тракторларға ие болды
Атыраулық фермерлер елде құрастырылған тракторларға ие болды
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында хабарлағандай, мекемеде техника сатып алуға тапсырылатын өтінімдердің басым көпшілігі көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу жұмыстарымен айналысатын шаруалардан келіп түсетініне қарамастан, Атырау облысының фермерлері өздерінің мал шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарын техникалық жарақтандыру үшін отандық құрастыру өндірісінің техникаларын сатып алғанды жөн көрді. Облыс шаруагерлерінің пікірі бойынша, ел ішінде жасалған тракторларды сатып алу – бұл пайдалы ғана емес (өйткені аталмыш техникаға ҚҚС және баж салығы салынбайды), сонымен қатар мерзімі жағынан да қолайлы, өйткені техника Семейден Атырауға дейін небары бірнеше күн ішінде жеткізілуі мүмкін. Сөз реті келіп тұрғанда айта кету керек, 2014 жылдың басынан Атырау облысындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалардың лизингі бойынша жалпы сомасы 72 млн. артық теңгеге шарт жасасты.
Жалпы, 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «СемАЗ» ЖШС жасап шығарған отандық өндірістің 400 артық «Беларус» тракторын сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 773, 4 млн. теңгеден артық сомаға 191 «Беларус» тракторын лизингке табыстауға шарт жасалып та қойған. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде барлығы 1, 5 млрд. теңгеге «СемАЗ» зауытында жасалған техникалардың лизингке табысталуы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына жалпы сомасы 13,2 млрд. теңгеге барлығы 1 442 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда 5,5 млрд. теңгеге 637 бірлік егіс техникаларына қаржы лизингі шарттары шаруагерлермен ендігі жасалып та қойған, тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінің қарауында тұр, таяу арада еліміздің егіс алқаптарында старт беретін болады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар