• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі КО және БЭК мүше елдер Үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

ҚР Премьер-Министрі КО және БЭК мүше елдер Үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

16 Сәуір, 2014 10:00
Мәскеуде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов КО және БЭК мүше елдер Үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасын талқылау күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады. Атап айтқанда, мұнай газ, ауыл шаруашылығы, темір жол мен автокөлік тасымалына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. 

Кездесу қортындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында К.Мәсімов «бүгін барлық даулы мәселелер талқыланып, ішінара түзетулерден кейін құжат Мемлекет басшыларының қол қоюына дайын болады»,-деді.

«Келіссөз процесінің өн бойында біз негізгі принцип ретінде қатысушы елдердің экономикалық мүдделеріне сәйкестікті басшылыққа алдық»,-деп атап көрсетті ҚР Үкіметінің басшысы.

 

 

Барлық жаңалықтар