- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының ШОБ өкілдері Мемлекет басшысына бизнеске қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді
Алматы облысының ШОБ өкілдері Мемлекет басшысына бизнеске қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді
Ақордада хабарлағандай, өз хаттарында кәсіпкерлер Мемлекет басшысына «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны, оған сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жарияланғаны үшін алғыстарын білдірген.
Кәсіпкерлер Палатасының Сарқанд ауданы бойынша филиалының директоры Ф.Абдрахимов жоспарлы тексеріс тәжірибесі алынып тасталғаны және бизнесті жүргізуге жасалған нақты көмек үшін ризашылығын білдіреді.
Кәсіпкер С.Махаметова бизнеске көрсетілген қамқорлық үшін алғыс айтады.
«Бұл – бар күш-жігеріңді толығымен бизнесті дамытуға жұмсайтын кезең, өйткені тексеріс кезінде талап етілетіндей көптеген қажетті құжаттарды жинақтауға уақытымыз кетпейді», – деп жазады автор.
Өз кезегінде Қ.Шеңгелбаев Мемлекет басшысының Жарлығы отандық бизнестің ішкі және сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетінін атап өткен.
Сондай-ақ, өздері жолдаған хатта шағын және орта бизнес үшін жағдайдың ұдайы жақсарып келе жатқанына облыс кәсіпкерлері Ж.Кабиев, С.Базарбаев, Е.Нұрдәулетов, С.Қалиева, А.Кеңес, А.Байболова, М.Ескендірова, Ә.Дайырбекова алғыстарын айтқан.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді