- Басты
- Жаңалықтар
- «КазАгро» астық жинау жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаржы бағыттамақ
«КазАгро» астық жинау жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаржы бағыттамақ
«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 2013 жылы астық жинау науқанын қаржыландыруға жалпы 17 млрд.теңге бөлуді жоспарлауда. Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарындағы шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау түрлі ауылшаруашылық техникасы мен несиелік ресурстарды ұсыну түрінде жүзеге асырылады делінген хабарламада.
Бұл соманың 13 млрд.теңгеден астамы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздері болып табылады.
Бүгінгі күні Ұлттық Холдинг құрамындағы лизинг компаниясы қазақстандық өндірушілер мен жабдықтаушыларымен, сондай-ақ жақын және алыс шетел серіктестерімен техниканы жеткізу туралы келісім шарттарын жасасты. Осылайша, 300 бірлік техника өз иелерін тапты.
Ал, Аграрлық несие корпорациясы жоспарланған 3,9 млрд.теңгенің 2,8 млрд.-қа жуығын астық жинау жұмыстарын жүргізуе бағыттады. Шаруаларды қаржыландыру тікелей несиелендіру немесе несие серіктестері арқылы іске асырылады.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры еліміздің оңтүстік мақта жинау жұмыстарын, сонымен қатар «Егінжай» бағдарламасын қаржыландыруға 500 млн.теңге бөлуді көздеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында егін егу науқанын қаржыландыру аясында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 69,5 млрд.астам теңге инестициялады.
Көктемгі дала жұмыстары барысында Холдингтің еншілес компаниялары 5,7 млн. га егін жерін өңдеу мен егуге мүмкіндік берген, барлығы ауылшаруашылық өндіріс кешені субъектілерінің 3 630 өтінімін қаржыландырды.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі ағымдағы жылы 21,4 млн. га орналастырылды. Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрады. Дәнді дақылдар (күздік және жаздық) 15,8 млн. га орналастырылды, оның ішінде бидай үлесі - 13,1 млн. га.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды