2014 жылдың I тоқсанында Қазақстанның ЖІӨ 2,9%-ға өсті - Статистика

15 Сәуір, 2014 17:15
Болжамды мәліметтер бойынша 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда ішкі жалпы өнім (ЖІӨ) өсімі 2,9%-ды құрады, деп хабарлады бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов ведомство брифингінде.

«Болжамды бағалау бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурызына жалпы ішкі өнім 2,9%-ға өсті», - деді Ә.Смайылов. 

Сонымен бірге, ол бірінші тоқсанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 896,3 млрд теңгені құрады, бұл 2013 жылдың қаңтар-наурызынан 1,9%-ға артық, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.  

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі бірінші тоқсан қортындысы бойынша 4 502,4 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы жалпы өнім (қызметтер) шығару көлемі - 228,9 млрд теңгені құрады.

«Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,9%, «байланыс» саласы бойынша - 111,2%, «сауда» саласы бойынша - 110,5% құрады. 

Сонымен бірге, бөлшек сауда көлемі қаңтар-наурызда 1207,6 млрд тенгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,7% артты.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар