- Басты
- Жаңалықтар
- «Казконтент» АҚ 2050 Стратегиясының терминологиялық анықтамалығының тұсауын кесті
«Казконтент» АҚ 2050 Стратегиясының терминологиялық анықтамалығының тұсауын кесті
Терминологиялық анықтамалықтың арқасында бағдарламалық құжаттың тілі әрбір адамға түсінікті және қолжетімді бола түсті. «Жалпы еңбек қоғамы», «жаңа қазақстандық патриотизм», «экономикалық прагматизм», «барлық қазақстандық бірегейлік», «қалыптасқан мемлекет» секілді жаңа саяси терминдердің саны Стратегияның ішіне шамамен 100-ге жетеді. Олардың авторы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады.
«2050 Стратегиясының басты идеясы біздің алға ілгерілеуіміз, өз экономикамызды дамыту мен жалпы саяси тұрақтылық болып табылады. Осы талаптар бойынша біз әлемнің ең дамыған елдерінің қатарынан орын алуымыз керек. Терминологиялық сөздік Стратегияның мәнін қарапайым халықытң түсінуіне жол ашады. Осы орайда аталмыш бастаманың маңызы жоғары», - дейді техника ғалымдарының докторы, профессор Тыныс Сүлейменов.
«2012 жылы Президентіміз 2050 Стратегиясын жариялады. Онда Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30-дыққа ену жолы нақты көрсетілген. Мен осы құжатты алғаш оқығанда G-Global мен IPO бойынша көптеген жаңа терминдермен бетпе бет келдім. Бұл маған айтарлықтай ауыртпалық әкелді. 2050 Стратегиясының анықтамалығының шығуымен маған құжат тілі түсінікті бола түсті», - дейді Л.Гумилев атындаы ЕҰУ студенті Шыңғыс Ибрагим.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы терминологиялық анықтамалығын дайындау жұмыстарына беделді сарапшылар ат салысты. Олар еңбекті жалпы бес бөлімге бөліп қарастырды: «Жүйелі ұғым», «Экономика», «Әлеуметтік саясат және мемлекттік басқару», «Дін, тарих, бүгінгі заман» және «Геосаясат пен қауіпсіздік».
Айта кету керек, Strategy2050.kz порталынан «Қазақстан-2050» Стратегиясының аудио және видео нұсқаларымен қатар сурдоаудармасын да табуға болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады