- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ-де қазақстан-британдық қарым-қатынастың болашағы талқыланды
ҚР СІМ-де қазақстан-британдық қарым-қатынастың болашағы талқыланды
Сонымен қатар, тараптар бірқатар халықаралық өзекті мәселелерді талқыға салды, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Е.Ыдырысов пен баронесса Варси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысының маңыздылығын атап өтті. Оған арнайы жұмыс топтары мен қазақстан-британдық сауда-өнеркәсіп кеңесі кіреді. Сауда-экономикалық қарым-қатынас екі елдің екіжақты ықпалдастық кешенінің негізі болып табылады.
ҚР Кедендік комитеттің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы тауарайналым көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құраған (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 0,6 млрд.). Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын үшінші ел (Нидерланды мен АҚШ-тан кейін). ҚР Ұлттық банкінің мәліметтерінше, Қазақстан экономикасына құйылған тікелей британдық инвестиция көлемі 2005 жыл мен 2013 жылдың қыркүйек айы арасында 10 млрд. АҚШ долларын құраған.
Үкіметраралық комиссия аясындағы келесі кездесулер мамаыр айында Астана экономикалық форумы шеңберінде Астанада және қазан айында дәстүрлі Қазақстандық бизсен-форум шеңберінде Лондонда өтеді деп күтілуде.
СІМ-де өткен келіссөздер барысында тараптар Д.Кэмеронның Астанаға сапары кезінде келісімге қол жеткізілгендей, визалық режимді әрі қарай жетілдіру мен қазақстандықтар үшін британдық визаны алу процедурасын жеңілдеті мәселелерін талқыға салынды.
Сондай-ақ, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық салалардағы ынтымақтастық болашағын қарастырды. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның 2017-2018 ж.ж. аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлануға жасап жатқан кампания туралы сөз болды.
Халықаралық күн тәртібіне тоқтала келе, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Украинадағы жағдайды, Иран ядролық бағдарламасын, сондай-ақ президенттік сайлау мен халықаралық коалицияның негізгі әскери күштерін 2014 жылдың соңына дейін өз аумағынан шығару үдерісі аясындағы Ауғанстандағы мәселелерге қатысты пікір алмасты.
Украинадағы жағдайды келіссөздер мен дипломатиялық жолдар арқылы, соның ішінде ЕО, Ресей, АҚШ және Украина арасында ү.ж. 17 сәуір күні Женевада заманауи және жемісті келіссөздер арқылы шешуге, Ирна ядролық бағдарламасы бойынша тиімді келіссөздер үдерісін жалғастыруға, сонымен қоса Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға өзара мүдделіліктерін танытты.
Келіссөздер нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков пен баронесса Варси Ауғанстаннан британдық әскерді тиімді алып шығуды қамтамасыз ету үшін аса маңызды Ұлыбританияның жүктерін Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау туралы екіжақты құжаттарға қол қойды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды