- Басты
- Жаңалықтар
- Испанияда «Қазақстан: инвестициялық мүмкіндіктер» экономикалық форумы өтті
Испанияда «Қазақстан: инвестициялық мүмкіндіктер» экономикалық форумы өтті
Қазақстандық тараптан форумға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Казнекс Инвест» АҚ пен «Азия Авто» АҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Шарада сөз алған Испаниядағы Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев 2009 жылғы Келісіммен бекітілген Қазақстан мен Испания арасындағы қатынастың стратегиялық сипатына тоқтала келіп, экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту екіжақты қатынастың басымдылық беретін тұсы екенін айтты. Қазақстандық дипломат испан компаниялары мен инвесторларын еліміздің үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларына атсалысуға шақырды.
Бильбаоға сапары барысында Басков елі Үкіметінің басшысы Иньиго Уркульюмен кездесу өтті. Кездесуде екіжақты өңіраралық әріптестікті құру, «жасыл экономиканы» дамыту мен басым салалардағы жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылау үшін автокөлік құрастыру, металлургия, құрылыс, инжиниринг, өңдеуші өнеркәсіп, машинақұрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жаңартылмалы қуат көздері мен инновация саласындағы алдыңғы қатарлы испан компаниялары жетекшілерімен кездесу өткізілді. Солардың арасында Tecnicas Reunidas, Wisco, Velatia, Antolin, Gestamp, Acerinox, Acciona, Tecnalia секілді компаниялар бар.
Басков елі – Испанияның солтүстігіндегі автономды қауымдастық. Елдің өндіріс саласы бойынша жетекші өңірлердің бірі. Өңір хақының тұрмыстық деңгейі өзге аймақтарға қарағана анағұрым жоғары.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы