- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның Ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі – нағыз бренд – Л.Ли
ҚР-ның Ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі – нағыз бренд – Л.Ли
«Қазақстан Респубикасы Президентінің бастамасымен құрылып, Конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда жаһандық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Ғылыми сарапшылар Қазақстан халқы Ассамблеясын ұлтаралық салада саяси инновация ретінде түбегейлі зерттеуде. ҚХА-ның XIX сессиясында сөз алған Мемлекет басшысы: «Бүгінде әлем елдері бірлік пен татулық формаласын іздеп, оны біздің еліміздің үлгісінен тауып отыр. Бұл дегеніңіз, біздің мемелкеттің дұрыс жолда екенінен хабар береді» деген болатын. Мен біздің бірлестіктің барлық мүшелерінің еліміздегі бастамаларға барынша молынан үлес қосып қалуға ынталы екенін мақтанышпен айта аламын», - дейді Л.Ли.
Қоғам қайраткерінің мәліметінше, корей аға буын өкілдері бүгінге дейін қоныстандыру кезіндегі қиындықтарды естерінен шығара қойған жоқ. Осы орайда барлық қазақстандықтарға алғыстарын айтып, қиын күндерінде құшақ жая қарсы алған жергілікті халыққа тек жақсылық тілейді.
«Қоныстанушылар мен олардың ұрпақтары отызыншы жылдардағы ашаршылықтағы жергілікті халықтың дархан көңілін ешқашан ұмытпақ емес.
Олар мұнда келіп бақыттарын тапты. Осы орайда біз қазақ халқына деген алғысымызды білдіруден жалықпай, өмір бақи сіздердің тілеулеріңізді тілеп өтетінімізді айтқым келедіү Мемлекет басшысының дана саясаты мен көрегендігінің арқасында біз бәріміз тең құқылы өмір сүріп жатырмыз», - дейді Л.Ли.
Атырау облыстық корей этномәдени бірлестік төрағасы орынбасарының айтуынша, қоғам ішіндегі татулық тек ел ішінің тұрақтылығына әсер етіп қоймай, сонымен қатар халықаралық мәнге де ие.
«Халықаралық қауымдастық ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін ерекше бағалайды. Оның негізінде бейбітшіліктің жатқаны анық. Біздің бақытымызға орай өзг елдердің алдында мақтанышпен айта аларлықтай көптеген құндылықтарымыз бар. Бірінші кезекте ол біздің Елбасымыз. Соның арқасында Қазақстанның ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі алыс және жақын шетелдер үшін нағыз брендке айналды», - дейді «Тхоньил» Атырау корей этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Людмила Ли.
«Қазірде Қазақстан азаматтары өзге елдердің азаматтарымен еркін байланыс құрып, әріптестік орната алады», - дейді Л.Ли.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Қоғамдағы кибербуллинг құбылысы