• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың сомасы 4 млрд доллардан асты

Жамбыл облысындағы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың сомасы 4 млрд доллардан асты

15 Сәуір, 2014 15:45
Жамбыл облысында шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 4 млрд. доллардан асатын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Инвестициялық жобалар Ресей, Франция, Чехия, Италия, Иран, Германия, Түркия, Нидерланды мен Жапониядан келген компаниялардың қатысуымен іске асырылуда, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен, инвестиция мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында аймақта жалпы құны 356,0 млн. доллар болатын «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақты құру жобасы жұмыс істейді. Жоба шеңберінде экспортқа бейімделген тауарды өндіретін 16 жаңа химиялық зауытты құру көзделген.

Бағдарламаның өзгешелігі экономикалық аймақтағы кәсіпорынға 25 жылға салық бойынша жеңілдік беру болып табылады. 

Бірікші кезектің аясында «Тараз» химиялық паркі» аумағында 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішіне шөпжойғыш, көгерткіш қышқыл мен натрий цианиді, үшхлорлы фосфар, каустикалық сода мен хлор өндірісі кіреді.

Сонымен қатар, облыста бұдан басқа да болашағынан көп үміт күттіретін мынадай инвестициялық жобалар бар: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жүйелік кешенді құру, «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы жанынан көліктік-логистикалық орталықты құру, қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зауыт салу және т. б. бар.

 Айта кетерлік жайт, Жамбыл обысы елімізде баламалы энергетиканы дамыту бойынша көш бастап тұр. Қазіргі таңда жаңартылған энергия көздері нысандарының жалпы қуаттылығы 36 МВт. Осы саладағы жаңа инвестициялық жобалардың қуаттылығы 500 МВт болса, ЖЭК нысандарының құрылысы отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 197 млрд. теңгеге жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар