- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісмен М.Әшімбаев пен СХЗО бағдарламасының директоры Э.Качинс күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады
Мәжілісмен М.Әшімбаев пен СХЗО бағдарламасының директоры Э.Качинс күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады
Кездесу барысында парламентария қонаққа Мәжіліс пен өзі басқаратын Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіндегі жаңартылған жұмыс бағытынан мағлұмат берді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жайлы пікірлер айтылып, Орта Азия тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сөз болды және Каспий мәселесі де назардан тыс қалмады.
Аймақтық қауіпсіздік мәселелері де ортаға тасталып, соның ішінде Ауғанстан ахуалы жайынан да айналып кете алмады. Осы тұста мәжілісмен Ауғанстан мәселесінің шешімін табуға бірден бір жол ретінде парламентарияның маңызын күшейту қажеттілігін атап өтті.
Қазақ-Америка қатынасы жайлы айта келіп, тараптар стратегиялық әріптестікті нығайту мен тереңдету қажеттілігі жайлы ортақ пікірге келді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі