• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына қатысады

ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына қатысады

15 Сәуір, 2014 11:40
Ақорданың ресми порталы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтетін оқиғаларды жариялады.

16 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2013 жылғы есебі қаралатын кеңес өтеді деп жоспарланып отыр.

17 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев саяси мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсіміне қатысады деп күтілуде.

«18 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына қатысады», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар