- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда кардиологиялық науқастарды емдеу сұрақтары талқыланады
Алматыда кардиологиялық науқастарды емдеу сұрақтары талқыланады
Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, шараны ұйымдастырушылар, ҚР денсаулық сақтау министрлігі, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту болып табылады. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Коморбидтік мәселесі заманауи кардиологияның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта негізгі жүрек-қан тамыр ауруларының клиникалық ағымына коморбидтік патологияның әсері (қант диабеті, семіздік, өкпенің созылмалы бітелу аурулары, бауыр аурулары, созылмалы бүйрек аурулары, анемия және басқа да жағдайлар), оларды дәрі-дәрмектермен емдеу тиімділігі, жақындағы және алыстағы болжамдары кең талқыланып жүр.
Кардиологтар мен терапевтерге бірнеше аурулары үйлескен пациенттерді жиі қадағалап қарауға тура келеді. Сонымен қатар коморбидтік жағдайдағы науқастардың саны жас ұлғайған сайын айтарлықтай артып отыр. Коморбидтік жағдайдағы кардиологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуде, тиімді және қауіпсіз емдеуде, оңтайландыру жолдарын іздеуде, бірыңғай патогенетикалық өзара қатынасты анықтауда кардиологтардың, терапевтердің және аралас мамандық дәрігерлерінің күшін біріктіру өте маңызды. Жоғарыда аталғандандармен байланысты басқа терапиялық аурулармен жүрек-қан тамыр ауруларының коморбидтік мәселесі бойынша ғылыми-практикалық конференцияны өткізу практикалық денсаулық сақтау үшін өзекті болып табылады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді