- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Жол картасының әлеуметтік-экономикалық даму жобасы мақұлданды
ҚР Жол картасының әлеуметтік-экономикалық даму жобасы мақұлданды
Жобаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев таныстырды. ЭБЖМ басшысы хабарлағандай, «Жол картасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының негізгі талаптарын, Қазақстанның 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің ішіне ену бойынша Тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған».
Жол картасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы хабарлады. Ол - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру мен экономиканың нақты секторын қолдау, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистикалық инфрақұрылымдарды әртараптандыру, қаржы жүйесін дамыту және банк секторын сауықтыру болып табылады.
Мұнымен қатар, Жол картасы жекешелендірудің екінші кезеңін және «Халықтық IPO» бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырады.
Е.Досаев атап өткендей, осы жылдың 15 сәуіріне дейін Үкімет шағын және орта бизнес жобаларын Ұлттық Қордан қаржыландыру бойынша іс-қимыл жоспарын қабылдайтын болады. 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін «Бәйтерек» Ұлттық холдингі екінші деңгейлі банктерге қаржы орналастыруға кіріседі.
Жекешелендірудің екінші толқынының басталуы мен «Халықтық IPO» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесіне қатысты, ЭБЖМ басшысы, осы жылғы сәуірде жекешелендірілуге тиісті, квазимемлекеттік секторлар ұйымдары тізімінің анықталатынын хабарлады.
Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Б.Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» Қоры басқарма төрағасы Ө.Шөкеев сөйледі.
Талқылау қортындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары