- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК-те КО мен БЭК елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары кездесті
ЕЭК-те КО мен БЭК елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары кездесті
Қазақстандық тараптан ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов қатысты. Ал Ресейден Федералды монополияға қарсы қызмет жетекшісі Игорь Артемьев қатысты, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.
Кездесуде трансшекаралық нарықтың қазіргі жағдайы мен оның сараптама әдістемелеріне қатысты мәселелер талқыланып, алдағы жылдың жоспарлары таныстырылды.
ЕЭК Бәсекелестік саясат пен мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Борис Парсегов шараға қатысушыларға ЕЭК жанынан құрылған бәсекелестік бойынша әдістемелік кеңестің жұмысымен таныстырды. Б.Парсеговтың айтуынша, әдістемелік кеңес қызметі тауар нарығын сараптау ойынша әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге, соның ішінде трансшекаралық тауарларға, тауарлы нарықты әдістемелік зерттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау мен олардың қолда бар тәжірибе мен әлемдік үздік тәжірибе негізінде жақындастырылуға бағытталған.
ЕЭК Монополияға қарсы реттеу директорының орынбасары Алмат Фазыл электроэнергетика, әуе және темір жол тасымалы саласындағы трансшекаралық нарықтағы қазіргі жағдаймен таныстырды.
Сонымен қатар, шараға қатысушылар Бірыңғай экономикалық кеңістікте халықаралық ұялы байланыс (роуминг) қызметіне тарифті нөлге апару мәселесін қарастырды.
Бұдан бөлек «параллельді импорт» мәселесі көтеріліп, оның заңдастырылуы ресми дилерлер мен тәуелсіз тасымалдаушылар арасында бәсекелестікті дамытатыны айтылды. Бұл өз кезегінде импортталатын брендті тауарлардың бағасын түсірмек.
Кездесу қорытындысы бойынша трансшекаралық тауарлы нарықтарда бәсекелестік жағдайындағы «параллельді импортты» заңдастыру мен тыйым салу сараптамасы бойынша, халықаралық ұялы байланыстың, электроэнергетика, әуе және темір жол тасымалы, фосфат шикізатының трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік жағдайын зерттеу бойынша біріккен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды