ҚР Премьер-Министрі Бахрейн Королімен кездесті

14 Сәуір, 2014 18:15
Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестік мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы.

«Қазақстан екіжақты қатынастың барлық спектрі бойынша ынтымақтастық құруға мүдделі», - деді Үкімет басшысы әріптестіктің ауыл шаруашылық, инвестиция, банктік және қаржылық сектордағы әлеуетінің жоғары екенін айта келіп.

Өз кезегінде Бахрейн Королі екіжақты ынтымақтастың болашағына сенім білдіріп, қос тарапқа да пайда әкелетінінен үмітті екенін жасырмады. 

Барлық жаңалықтар