Қазақстанда 2 мың дуадақ табиғат аясына шығарылды

14 Сәуір, 2014 18:30
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Абу-Даби (Біріккен Араб Әмірліктері) тәлімбақтарында өсірілген 2000 дуадақ табиғат аясына шығарылды.Маңғыстау облысында 200 дуадақ шығарылды.

Осы құстардың Қазақстан табиғаты аясына шығарылуы дуадақ санын қалпына келтіруді мақсат еткен Халықаралық қормен құрылған ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылып келеді, деп  Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

Қазақстан жек дуадақты зерттеу және қорғау ісіндегі Халықаралық дуадақ қорғау қорының әріптесі. Біздің еліміздің аумағы қоныс аударатын жабайы дуадақтың табиғи мекендеу жері.

Қазақстанда қолда өсірілген құстарды табиғи ортаға шығару 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Босатылған құстар Қазақстанның табиғи жағдайларына бейімделіп, қыстауға жабайы дуадақтардың дәстүрлі бағыттарымен ұшады.

Биыл жіберілетін дуадақтар ғылыми зерттеулер шеңберін кеңейте түседі. 100 құсқа олардың қозғалысы туралы ақпарат беретін спутниктік қондырғылар кигізіледі.

Табиғат аясына босатпастан бұрын дуадақтар Оңтүстік Қазақстандағы қорықта бейімдеуден өткізілді.Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында жылына 5000 дуадақ шығаратын орталықтың бірінші кезегінің құрылысы аяқталады.

2009 жыл мен 2010 жыл аралығында Қазақстан табиғаты аясна Біріккен Араб Әмірліктерінде өсірілген 1100-ден астам дуадақ шығарылды.

Барлық жаңалықтар