2014 жылы ҮИИД МБ шеңберінде 150 млрд теңге бөлінеді - Е.Досаев

14 Сәуір, 2014 17:25
2014 жылы ҮИИД МБ шеңберінде 150 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін экономиканы  әртараптандыру және жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасын жасақтау аяқталады», - деді Е. Досаев.

Министрдің ақпараты бойынша, 2014 жылы ҮИИД МБ қаржылай қамтамасыз ету мақсатында 150 млрд. теңге бөлінеді.

«Осындай әлеуетті бағдарламалар тізімі 2014 жылдың 1 маусымына дейін жасақталады»,- деп Е. Досаев атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қалданыстағы келісімшарттарды сақтап қалу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа Орталық Азия аясындағы біздің көршілерімізге, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық экспорттық тауарды жеткізу бойынша жаңа келісімдерге отыру және іздестіру жұмыстары да жүргізіледі. 

Барлық жаңалықтар