Е.Досаев: 2014 жылы ШОБ жобаларын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді

14 Сәуір, 2014 16:05
2014 жылы ШОБ жобаларын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы шағын және орта кәсіпкрліктің дамуына баса назар аударуда. Осы орайда 2014 жылы ШОБ жобаларын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді», - дейді Е.Досаев.

Оның айтуынша, үгінде Үкімет Ұлттық қор қаражатынан шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландырумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарын қабыладады.

«2014 жылдың 20 сәуіріне дейін «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» АҚ екінші деңгейлі банктерге қаражат орналастыруға кіріседі. Бөлінетін қарааттың 50%-ы бұрын алынан несиені қаржыландыруға бағытталмақ. Ал қалаған жартысы жаңа жобаларға арналмақ. Жаңа жобалардың ішінде 50%  азық-түлік өнеркәсібі жобаларын мақсатты қаржыландыруға жұмсалмақ», - дейді Е.Досаев.

Барлық жаңалықтар