- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-мен әріптестік туралы меморандумға қол қойды
«Самұрық-Қазына» АҚ «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-мен әріптестік туралы меморандумға қол қойды
Кездесу барысында қор өкілдері ардагерлердің бүгінгі мәселелерін талқылап, әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
«Меморандумның түзілуі Ұлы Отан соғысының жеңісінің 70 жылдығын тойлау дайындығына серпін бермек. Біздің акционерлік қоғам аталмыш мерейтойдың ұйымдастырылуына өзіндік үлесін қосуға ниетті. Жалпы, біз бұрыннан бері ардагерлер кеңесімен ортақ жұмыс істеп, осындай құжаттарға қол қоюды жоспарлап жүрген едік», - дейді «Самұрық-Қазына» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің бас директоры Дархан Қалетаев.
Өз кезегінде Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қор өкілдеріне алғысын білдірді.
«Ардагерлер біздің Отанымыздың тірегі. Біз бүгінгі күніміз үшін олардың алдында қарыздармыз. Қазақстанның бүгінгі таңдағы әлемдік беделі де солардың арқасы. Біз бүгін осы құжатқа қол қоя отырып оны болашақта іске асыратын боламыз», - дейді.
Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Респубикасында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына дайындалу мен өткізу мәселелері сөз болды.
Айта кету керек, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ еліміздегі ең ірі бірлестіктердің бірі болып табылады. Оның құрамында шамамен 1,7 млн адам бар. Атап айтар болсақ, соның 6346-сы Ұлы Отан соғысы ардагерлері, 203270 тыл ардагерлері, 744 концлагерь тұтқындары мен өзгелер бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды