- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Досаев 2014 жылы Ұлттық қордың қаржысы қандай мақсатта жұмсалатыны туралы баяндады
Е. Досаев 2014 жылы Ұлттық қордың қаржысы қандай мақсатта жұмсалатыны туралы баяндады
«2014 бұл қаржыдан 500 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд.теңге шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталса, 250 млрд. теңге банк секторын сауықтыруға арналады. Ал, мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 150 млрд. теңге жұмсалады», - деп Е. Досаев мәлім етті.
Ол атап өткендей, жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруда «Жұмыспен қамту жол картасы» басымдылыққа ие. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 2014 жылы 97 млрд. 700 млн. теңге қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында кәсіпкерлікке жағдай жасау және қаржы секторын сауықтыруға арналған келелі кеңесте Елбасы Н.Назарбаев ел экономикасын дамыту үшін 1 трлн. теңге бөлу туралы шешім қабылданды деп хабарлады.
«Сыртқы қаржыландыру көздеріне қол жетіңкіремейді. Ал, банк жүйесіндегі ішкі ресурстар шектелген, себебі, отандық қаржы инситуттары дағдарыстан енді-енді шығып келеді. Осыған орай өздеріңізге белгілі болғандай экономика мен шағын және орта бизнесті қолдау, индустрилизацияны жалғастыру және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан 1 трлн. теңге көлемінде қомақты қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Олар жаңа жұмыс орындарымен, біздің азаматтарымызды жалақымен қамтамсыз етеді. Жалпы, өмір сүру деңгейін жақсартуға жағдай жасайды», - деді Н. Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда