• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кәсіпкерлер үшін көктемгі егісті несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі қызмет етуде

Кәсіпкерлер үшін көктемгі егісті несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі қызмет етуде

14 Сәуір, 2014 11:00
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның негізінде көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі жұмыс істеуде.

Кез келген шаруа 8 800 080 70 80 тегін нөміріне қоңырау шалып, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес компаниялары - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіске несие алу шарттарымен танысып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы дақылдарды егуге арналған техниканы лизингке алу ережелерінен хабардар бола алады, деп холдингте хабарлады.

Call-орталық операторлары әрбір несиелеу бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп, ыңғайлы қаржылық құрал жөнінде кеңес беруі - желінің бірден бір артықшылығы болып табылады.

Сонымен қатар хабарласушылар көктемгі егіске қажетті материалдық-техникалық ресурстарды (тұқым, агрохимия, техника мен құрал-жабдықтар, жанар-жағармай) сатушы компаниялар жөнінде де ақпарат ала алады.

Оның үстіне сall-орталыққа хабарласып, көктемгі егісті жүргізуге қатысты отандық ғалымдардың ұсыныс-кеңестерін білуге де мүмкіндік қарастырылған.

Естеріңізге салатын болсақ, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның сall-орталығы 2008 жылы құрылған.

Айта кетерлігі, Ұлттық холдингтен егіс жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн. га жерде агротехникалық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар