- Басты
- Қостанай облысында жол-көліктік травматизмнің алдын алу акциясы өтті (фото)
Қостанай облысында жол-көліктік травматизмнің алдын алу акциясы өтті (фото)

«Қостанай – Рудный, Лисаковск» бағыты бойынша өткен автосайысқа ҚЖИ бөлімдері, «ЗОЖ» облыс орталығы мамандары, жергілікті автомектеп өкілдері мен журналистер қатысты, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 10 көліктен тұратын автоколонна халықтың көп шоғырланған жрлеріне тоқтап, белсенділер жол ережеері белгілерін қолдана отырып түрлі илер ұйымдастырып, жол жүру ережелері туралы мәліметтер берді.
«Қостанай облысында жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 19 апат орын алған. Нәтижесінде 22 бала жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен. Біз осы шара арқылы жол-көлік травматизмінің алдын алуды мақсат еттік», - дейді Қостанай облыстық ІІД АКБ аа инспекторы Юрий Панасенко.
«Сіздің жолаушы - бала» акциясы Қостанайда көпшілік флешмобпен бастады. №18 мектеп гимназиясының 50 шақты оқушысы Абай көшесі бойында синхронды имен көпшіліктің назарын аударды. Автоколонна қаланың басты даңғылымен жүріп өтіп, рудныйға бағыт ады. Қаланың ортасында елсендіерді №15 мектептің оқушылары қарсы ады. Оқушылар жол ережелері туралы ән шырқап, тақпақ айтты. Сонымен қатар шара белссенділері халыққа жол жүру ережелері жазылған парақшалар таратты.
Автоколоннаның бұдан кейінгі пункті Лисаковск қаласы болды. Мұнда балалар апатымен күрес жұмыстары «ақылды қала» жобасының көмегімен жүзеге асырылуда. Осы жоба негізінде мектептер, коммуналды мекемелер мен тәртіп сақшылары әріптестік құрған. Аталмыш жобаның алғашқы инновацияларының ірі ретінде интеллектуалды жаяу жүргіншілер жолы. Сонымен қатар мамандар бағдаршамдарға да қозғалысты реттегіш құрылғысын орнатқан. Енді бағдаршамдағы сары түс тек жолаушының жолайрыққа екі метр қалғанында ғана жанатын болады. Сонымен қатар «ақылды мектеп» жобасының екінші бағыты бойынша өткен жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өркениетті шаралар қолға алынады.
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
-
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі

