- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП күзге қарай «Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды дайындайды
ҚР ҰКП күзге қарай «Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды дайындайды
«Бізде еі алдымен «Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды қабылдау қажет. Қазіргі таңда нақты кім немен айналысып жатқандығы туралы заңнамалық база жоқ. Тек қана «білім беру туралы» Заң ғана жұмыс істеуде. Кәсіптік білім берудің жүйесін қарастыру қажет. Бұл министрліктегі шағын департамент болып есептеледі. Бұл заңда қызметкердің міндеті ғана емес, жұмыс беруші өзінің қажеттілігін көрсете алуы тиіс»,-А. Мырзахметов.
Екіншіден, оның айтуынша, бүгін ешкімнің атына еңбек нарығының саратамасы бекітілмеген.
«Нақты үйлестіру жұмыстары жасалып, миграцияны ескере отырып еңбек ресурсы балансын сақтау, болжам, сауалнама жүргізу жұмыстарымен айналысатын тиісті құзіретті органды анықтау керек. Үшіншіден, жұмыс берушілердің қызығушылықтарын арттыру үшін нақты преференция жазу керек. Яғни жұмыс берушіні ынталандыру қажет. Қазір жұмыс қолмен жасалуда. Біз алдағы екі-үш айда аталмыш заң жобасын дайындап, күзге қарай енгізбекшіміз», - дейді А.Мырзахметов.
Сонымен қатар, Мырзахметов дуалды оқытудан бөлек мектептердегі кәсіби бағыттаудың да маңызды екенін еске салды.
«Мысалға, Германияда білім беру жүйесі былай: алтыншы сыныптан бастап оқушылар бір бағытқа бейімделіп, кейін арнайы мамандандырылған мектептерде оқып, сосын кәсіпкерліктерге араласады», - дейді ҰКП басқарма төрағасы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды