- Басты
- Жаңалықтар
- Ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында темекі тартудың зияны туралы пиктограммалар пайда болады – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында темекі тартудың зияны туралы пиктограммалар пайда болады – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
20 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында шылым шегудің зияны жайында ескертетін және шылым шегушілердің ішкі органдары бейнеленген пиктограммалар пайда болады, деп хабарлады Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
«ТМД елдері арасында алғаш рет біздің елімізде шілде айында шылым орамдарының сыртында алдын ала ескерту суреттері пайда болды, онда тек шылым шегудің зияны ғана емес, қандай аурулар пайда болуы мүмкін сол жайлы суреттер бейнеленеді – инсульт, инфаркт және т.б.», - деді А.Төлеғалиева.
Сонымен қатар, ол аталған пиктограммалар жүкті әйеледердің түсік тастау қаупі және терінің уақытынан бұын қартаюына шылымның әсері туралы ескертілетінін атап өтті.
Бұдан өзге, Департамент директоры Денсаулық сақтау министрлігі бүгін Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ шеңберінде пиктограммалар қолдану практикасын енгізуге белсенді атсалысатынын хабарлады.
Денсаулық министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын темекі тартудың салдарынан 25 мыңнан астам азамат көз жұмады. Айта кету керек, темекі тартудың алдын алу бойынша іс-шаралар заңнамаға шектеу шараларын енгізу арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда 2006 жылы ДДҰ темекіге қарсы күрес бойынша Шекті келісіміне Қазақстанның бекітуі нәтижесіндегі міндеттер жүзеге асырылған.
Осылайша, «Халық денсаулығы туралы» Кодексінде 18 жасқа дейінгі тұлғаларға темекі сатуға, бөлшектеп сатуға, қоғамдық жерлерде шылым шегуді шектеуге тиым салу бекітілген. «Жарнама туралы» заңда темекі өнімдерінің ішкі жарнамасына тиым салынған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер