• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Ұлттық банкке БҰЗҚ активтерін инвестициялау Стратегиясын дайындауды тапсырды

Қазақстан Президенті Ұлттық банкке БҰЗҚ активтерін инвестициялау Стратегиясын дайындауды тапсырды

11 Сәуір, 2014 17:50
Бүгін Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк пен Үкіметке 1 маусымға дейін БҰЗҚ активтерін инвестициялау Стратегиясын дайындауды тапсырды.

«Ұлттық банкке қосымша теңгелік нарықты дамыту үшін стимулдар пакеттерін дайындауды тапсырды. Тағы бір ішкі көз ол Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры. Ұлттық банкке Үкіметпен бірігіп 1  маусымға дейін қордың активтерін инвестициялайтын Стратегияны дайындауды тапсырды. Ол ұзақмерзімді банктегі депозиттерге байланысты болады», - деді ҚР Президенті.

Оның айтуынша, ол бизнесті қаржылай сауықтыруға мүмкіндік туғызады. Кәсіпкерлердің несиелерін қаржыландыруға және өңдеу секторында жаңа жобалардың пайда болуына қаржы бөледі. 

Барлық жаңалықтар