• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жұмыс берушілердің тапсырысымен колледждерде 5 мың студент білім алуда

Қазақстанда жұмыс берушілердің тапсырысымен колледждерде 5 мың студент білім алуда

23 Тамыз, 2013 00:00
Жұмыс берушілердің тікелей тапсырысымен қазақстандық колледждерде 5 мың студент оқуда. Бұл колледжде білім алатын студенттердің 1% жуығы ғана, деп хабарлады мәлімдеді ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов педагогтардың тамыз кеңесінде.

«Бізде жұмыс берушілердің тікелей тапсырысымен тек 5 мың студент тәлім алуда. Бұл колледж шәкірттерінің 1% жуығы ғана. Ал Германия еліндегі техникалық және кәсіби білім алып жатқандардың 80% болашақ жұмыс берушілердің келісімшарты бар», - деді Б.Жұмағұлов.

Министр бұл жұмысты оң жолға қойып, техникалық және кәсіби білімі бар түлектерге деген сұранысты арттыру қажеттігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар