• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев: ҚР Үкіметінің негізгі жұмысы – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту

Б. Сағынтаев: ҚР Үкіметінің негізгі жұмысы – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту

11 Сәуір, 2014 16:10
Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің негізгі жұмысы – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ұлттық инвесторлар кеңесі барысында ҚР Премьер –Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Кәсіпкерлерге  қаржы және қаржылық  емес қолдау көрсету жыл сайын «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысушылар өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 2 есеге өсті, ол 78 мыңды құрап отыр», - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы субсидия бойынша бір жарым есеге кепілдендіру бойынша 2 есеге өсіру жоспарлануда.

«Қаржы нысандарының көлемі де өсуде. Ағымдағы  жылы ол 30 пайызға өсіп, 35 млрд теңгеге жетті. Сөзсіз, Үкіметтің негізгі бағыты – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Осы орайда бағдарлама жаңа инструменттермен толықтырылады. Олар: несиелік субсидиялау, шағын несиелеу», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, негізгі бағыт бастауыш кәсіпкерлердің  бизнесін дамыту, яғни шағын қалалар мен ауылдарда жүзеге асыру. Б. Сағынтаев мәлімдегендей, мемсату бойынша кәсіпті қолдауға арналған мысалдар бар. 

Барлық жаңалықтар