• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы бизнес мемлекеттің араласуынсыз да тұрақты дами алады – Б.Сағынтаев

Қазақстандағы бизнес мемлекеттің араласуынсыз да тұрақты дами алады – Б.Сағынтаев

11 Сәуір, 2014 16:25
Қазақстанда мемлекеттің барынша аз араласқан жағдайында кәсіпкерлік өзінен өзі дамиды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

«Өзін өзі реттейтін ұйымдардың құрылуына жағдай жасасақ, бұндай бірлестіктердің жұмысын кәсіпкерліктер мемлекеттің барынша аз араласуы жағдайында оны өздерінің даму көзі етіп пайдаолана алады. Мемлкеттің қойған ережелерін кәсіпкерліктер өздері-ақ қадағалайды. Осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін Парламентке ұсынылады», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, Үкімет жекешелендірудің екінші толқынын аяқтап қалды. 2014-2016 жыдарға дейінгі жекешелендірудің кешенді жоспары нақтыланы. Мемлекттік меншіктің 32 ұйымы мен 191 квазимемлекттік сектор тізімі дайындалды.

«Сәуір айында коммуналдық меншік кәсіпкерліктер тізімі құрылады, олардың саны 780. Маусым айының басында оларды бәсекелестік ортаға беру жоспарланған», - дейді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Жекешелдірумен қатар Мемлекет басшысының Үкіметке ерген тапсырмасы аясында жеке кәсіпкерліктер орын алған экономика саласындағы мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі.  

«Тиісті ұстанымдар заңды түре бекітіледі. Жалпы, халықаралық рейтингтік ұйымар Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі мен экономикаық өсіміне жаңа серпін беретін Doing Business бойынша жүйелі шаралардың қабылдануына жоғары баға береді», - дейді ол. 

Барлық жаңалықтар