• Басты
  • Жаңалықтар
  • 360 тонна арзандатылған жанар жағар май АӨК көктемгі егіс науқанына бөлінеді

360 тонна арзандатылған жанар жағар май АӨК көктемгі егіс науқанына бөлінеді

11 Сәуір, 2014 17:15
2014 жылдың көктемінде қазақстандық аграршыларға көктемгі егіс науқаны жұмыстарына 360 мың тонна арзандатылған жанар жағар май бөлінетін болады.

ҚР Мұнай және газ министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отыра, 2011 жылғы 20 шілдедегі №463 IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңы негізінде 2014 жылғы көктемгі егіс науқаны жұмыстарына жанар-жағармай жеткізу бойынша мұнай өндіру зауыттарын облыстарға бекіту туралы кестені бекітті.

 Наурыз айынан бастап мамырға дейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бір тоннасы үшін 98 312 тенге бағасы бойынша 360 мың тонна арзандатылған жанар жағар май бөлінетін болады, деп Мұнай және газ министрлігінде хабарлады.

Осы ретте, ҚР Заңы 24 бабының 4 тармағына сәйкес мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілері мен бөлшектеп сатушылары жыл сайын 1 наурыздан 31 мамырға дейін және 1 тамыздан 31 қазанға дейін мұнай өнімдерін сатудағы басымдылықты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге беру керектігін атап өтуге болады.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың аномальді жаңбырлы күзінде қазаннан қарашаға дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылықтарына астық өнімін кептіруге «ПМХЗ» ЖШС қорынанан қосымша 41,8 мың тонна арзандатылған жанар жағар май бөлінді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар